Жатақхана құрылысы ұзаққа созылып кетті

Петропавлда өткен жылдың соңында тапсырылуы тиіс болған екі бірдей жатақхана құрылысы әлі аяқталмаған. Шаруаны «AMANAT» партиясы СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының мониторингтік тобы бақылауға алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Спортшыларға арналған жатақхананы салуға елордалық «International Construction Group» ЖШС жауапты. Жоспар бойынша нысан өткен жылдың желтоқсанында тапсырылуы керек еді. Алайда, құрылысшылардың аздығынан жұмыс бәсеңдеп қалған. Сол себепті, қолданысқа беру уақыты биылғы жылдың қыркүйек айына шегерілді.

«10 күн бұрын біздер жатақханаға барып, шаруаның қалай жүріп жатқандығын көріп қайттық. Мамандар жетіспегендіктен құрылыс жұмыстары баяу жүргізілуде. Бұл мәселені жауапты мекемеге жеткіздік. Содан кейін құрылыстың ақырындап жанданғандығын байқадық. Алайда, шаруаға әлі де қарқын қосу қажет. Қазіргі уақытта нысанда қасбеттік және дәнекерлеу жұмыстарымен 18 адам ғана айналысып жатыр. Мердігерлер жақын арада жағдай реттеліп, апта соңында едендерді құю жұмыстары басталады деп сендірді. Кейін сылақшылар ішкі әрлеу  жұмыстарына кіріседі. Сонымен қатар, іргелес аумақты абаттандыру шаралары басталды», – деді партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Александр Зель.

Талап бойынша құрылыс алаңдарында 44 адам еңбек етуі керек. Бұл мәселені партиялықтар бірнеше рет мердігер ұйым өкілдеріне жеткізген. Құрылысы сағызша созылған тағы бір нысан – М. Жұмабаев көшесіндегі қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне арналған жатақхана. Ондағы шаруа өткен жылдың мамыр айында басталды. Тендерді «ТОИР» ЖШС жеңіп алған екен. Алайда, мердігерлер бір жыл ішінде түк бітірмеген.  Сондықтан олармен келісімшарт бұзылып, енді олқылықтың орнын «Пилон» компаниясының қызметкерлері толтырмақшы. Бірақ онда да мамандар саны жетіспейді. Бұл нысан да 2022 жылдың соңында қолданысқа берілуі керек еді. Ендігі меже – қыркүйек айы.

Тағы оқыңыз: СҚО-да балалардың қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x