ДДҰ жаңа қауіпті пандемия қаупін болжап отыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемге жаңа пандемия тарауы мүмкін екенін болжады. Мамандар дерт коронавирустан да қауіпті болуы мүмкін дейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

«Адам ағзасына қауіп төндіріп, тіпті өлімге әкелуі мүмкін COVID аурының пайда болу қаупі сақталуда. Сондай-ақ, одан да қауіпті жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар», – деді Тедрос Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы барша адамзатты болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.

Тағы оқыңыз: Жатақхана құрылысы ұзаққа созылып кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x