Шал ақын ауданында сайлау күні үлкендердің азаматтық белсенділігі көпшілікке үлгі болды. Ауданның 83 және 96 жастағы тұрғындары жасына қарамастан саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады. Бірі сайлау учаскесіне өзі келсе, екіншісі үйінде дауыс берді, деп жазады Qazaqstan Media.

Сухорабовка ауылының тұрғыны, 83 жастағы Зоя Абдуллиновна Тасмурзина №548 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Қазыналы қария үшін сайлауға қатысу – ел өміріндегі маңызды оқиғалардан тыс қалмай, азаматтық құқығын жүзеге асырудың бір көрінісі.

Жасы ұлғайғанына қарамастан, Зоя әжей сайлау күні өз таңдауын жасауға ерекше мән берген. Оның учаскеге келіп дауыс беруі кейінгі буынға азаматтық белсенділіктің жасқа байланысты емес екенін көрсеткендей.

Жас таңдау жасауға кедергі емес. Шал ақын ауданында 83 және 96 жастағы әжелер дауыс берді
Жас таңдау жасауға кедергі емес. Шал ақын ауданында 83 және 96 жастағы әжелер дауыс берді

Ал Шал ақын ауданының тағы бір қарт тұрғыны – 1930 жылы туған Жаналия Шакирова биыл 96 жаста. Ол №562 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізілген. Қария егде жасына байланысты дауысын өз үйінде берді.

Бір ғасырға жуық ғұмыр кешкен Жаналия әжей ел тарихының талай кезеңіне куә болған буынның өкілі. Бүгін де ол қоғамдық-саяси өмірден шет қалмай, сайлаушы ретінде өз таңдауын жасады. Сайлау комиссиясының өкілдері қажетті рәсімді үй жағдайында ұйымдастырды.

83 жастағы Зоя Тасмурзина мен 96 жастағы Жаналия Шакированың дауыс беруі Шал ақын ауданындағы сайлау күнінің ерекше сәттерінің біріне айналды. Екі кейуананың таңдау жасау жолы әртүрлі болғанымен, оларды азаматтық жауапкершілік біріктірді. Бірі сайлау учаскесіне келсе, екіншісіне дауыс беру мүмкіндігі үйінде жасалды.

Жас таңдау жасауға кедергі емес. Шал ақын ауданында 83 және 96 жастағы әжелер дауыс берді
Жас таңдау жасауға кедергі емес. Шал ақын ауданында 83 және 96 жастағы әжелер дауыс берді

Қос қарияның белсенділігі азаматтық ұстанымның жаспен өлшенбейтінін тағы бір көрсетті. Өмірдің талай белесін артқа тастаған аға буын өкілдерінің ел үшін маңызды күні өз таңдауын жасауы кейінгі ұрпаққа да өнеге боларлық көрініс болды.

Тағы оқыңыз: «Дауыс» байқаушылары: СҚО-да сайлау қалыпты жағдайда өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *