Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерлан Тоқшылық жаңа Конституцияның заңды күшіне енуіне байланысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл құжат ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің бастауы болып, Қазақстанның болашағына бағыт-бағдар береді, деп жазады Qazaqstan Media.

1 шілдеден бастап Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ерлан Тоқшылық бұл күнді Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды белес деп бағалады.
Оның айтуынша, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі ел үшін жаңа дәуірдің басталғанын айқын көрсетті.

«Президенттің «Еліміз үшін мүлде жаңа тарихи кезең басталады. Біз қазақ мемлекеттігінің «ғимаратына» күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отырмыз» деген сөзі ерекше әсер етті. Біз жаңа дәуірдің есігін аштық деп ойлаймын. Көктемде өткен жалпыхалықтық референдумда халқымыз жаңа Ата заңды қолдап, өзінің болашаққа деген сенімін танытты», – деді Ерлан Тоқшылық.

Ол жаңа Конституцияны қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығын жалғастыратын маңызды құжат ретінде бағалады.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үшінші Конституция заңды күшіне енді. Бұл – кешегі «Жеті жарғының» заңды жалғасы деп білемін. Жаңа дәуірде еліміздің болашағы жарқын болып, тамыры терең, келешекке нық қадам басқан Қазақстанымыздың өсіп-өркендей беруіне тілектеспін», – деді Қоғамдық кеңес төрағасы.

Тағы оқыңыз: Кемел Оспанов: Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *