Жыл басынан бері Қазақстанда қызметіне немқұрайлы қарайтын 350 техникалық байқау операторы анықталды.  Оның 131-не айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Көлік министрінің міндетін атқарушы Талғат Ластаев айтып берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сондай-ақ, ол техникалық байқау жүргізуде  бұзушылықтарды болдырмауға бағытталған жүйелі шаралар туралы хабарлады.

«Автомобильді тексермей, сырттай оған техникалық байқау жүргізгені үшін салынатын айыппұлды 10-нан 150 АЕК-ке дейін (517 500 теңге) ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, «ҰАТ» АҚ атынан жалған техникалық байқаудан өткені үшін машина иелеріне және біріңғай техникалық ақпараттық жүйе техникалық  операторына техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізілетін болады. Айыппұл мөлшері де 5 және 150 АЕК болады», – деді Ластаев.

Тағы оқыңыз: Петропавлда М.Жұмабаев ауданының әкімдігі бос орындар жәрмеңкесін өткізеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x