5 қазанда Ғ. Мүсірепов атындағы                    балалар-жасөспірімдер кітапханасында бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Оны Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ұйымдастырады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бос жұмыс орындарының тізімін: мансап орталығы, аудан әкімдігінің кадр қызметі, полиция бөлімі, аудандық аурухана, білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және шекара заставасы ұсынады. Сондай-ақ, өз бос жұмыс орындарын Мағжан Жұмабаева ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ұсынады.

Бос орындар жәрмеңкесіне жұмыссыз азаматтар мен жұмыспен қамтылмаған санаттағы, жұмысқа орналасуда қиындықтары бар адамдар, сондай-ақ колледждер мен университет түлектері шақырылады.

Сондай-ақ, жәрмеңке барысында халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x