Облыста 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушы қоршаған ортаға зиян келтірген

Облыстың 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушылары мемлекеттік бюджетке негізсіз 321,4 млн.теңге салық төлеп келген. Енді мемлекет кәсіпкерлерге бұл қаражатты қайтаруы тиіс, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

СҚО прокурорлары табиғатты пайдалану саласында талдау жүргізу кезінде бюджетке теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізу фактілерін анықтады.Тексеріс барысында 2022 – 2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұзғаны анықталыпты. Нәтижесінде, өңір кәсіпкерлері мемлкетке негізсіз 321,4 млн.теңге салық төлеп келген екен. Енді мемлекет бұл қомақты қаражатты бизнесмендерге қайтаруы керек. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстың Мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде субъектілерге 11,8 млн. теңге сомаға ақша қаражатын қайтарды. Қалған сомалар бойынша әлі де жұмыс жалғасуда.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x