[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/photo1673001399.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Зауыттарда жұмыс бар, жұмысшы жоқ. Оған облыс орталығындағы өндіріс ошақтарын аралаған СҚО әкімі Айдарбек Сапаров көз жеткізді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлда орналасқан «Мұнаймаш» АҚ, «С.М.Киров» атындағы зауыт пен «Трибо» және «ПетроМашЗавод» ЖШС барып, олардағы жағдаймен танысты.  Кәсіпорындарда өндірілетін өнім сұранысқа ие. Сондықтан  барлығы тапсырыстармен қамтылған. Осы ретте аймақ басшысы тауарды экспортқа шығару қажеттігін де айтты. Бірақ оған кадр тапшылығы кедергі келтіруде. Әр зауытта 20-30 маман жетіспейді екен.

«Зауыттарда дәнекерлеуші, қырнаушы, механиктер мен инженерлер жетіспейді. Осыған дейін мен аралаған кәсіпорын басшылары да бұл мәселені көтерді. Өндіріс ошақтарындағы жалақы көлемі – 320 мыңға дейін барады. Сондықтан жұмыссыз жүргендер арнайы оқудан өтіп, жұмысқа тұруға болады.  Сол себепті, тиісті ведомства мен осы салаға жауапты орынбасарыма қайта даярлау курстарын халыққа барынша насихаттап, мамандарды даярлауды тапсырамын», – деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x