Отбасы – ұлттың болашағы, қоғамның берік тірегі. Осы құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңі Уәлиханов аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өтті, деп жазады Qazaqstan Media.

Салтанатты шарада бірлік пен берекені, еңбекқорлық пен ұлттық тәрбиені өмірлік ұстанымына айналдырған өнегелі отбасылар өзара бақ сынады. Олар көпшілікке отбасы дәстүрін, ұрпақ тәрбиесіндегі ұстанымдарын, еңбек жолын және өмірлік құндылықтарын таныстырды.

Уәлиханов ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
Уәлиханов ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орын Қайкеновтер отбасына бұйырса, ІІ орынды Байгоновтар отбасы иеленді. Ал ұлттық байқаудың аудандық кезеңінің бас жүлдесі мен І орын Шаимовтар әулетіне табысталды.

Шаимовтар әулеті – еңбек пен тәрбиені, бірлік пен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жалғап келе жатқан үлгілі шаңырақ. Уәлиханов ауданының намысын облыстық кезеңде бас жүлдені алған Шаимовтар отбасымен қатар, екінші орынды иеленген Байгоновтар жанұясы да орғайтын болады.
Байгоновтар отбасы – білім мен тәрбиені, ұлттық құндылықтарды басты өмірлік ұстанымына айналдырған өнегелі шаңырақ. Отағасы Серік Байгонов пен отанасы Гүлжан Байгонова білім саласында абыройлы еңбек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келеді. Олар сыйластықтың, еңбексүйгіштіктің және ұлттық тәрбиенің жарқын үлгісі.

Уәлиханов ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды
Уәлиханов ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздарының ән-күйі кештің сәнін келтірді. Соңында қатысушылар мен қонақтар естелік суретке түсіп, отбасы құндылықтарын ұлықтаған жарқын күннің куәсі болды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – қоғамдағы отбасының мәртебесін арттырып, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттайтын маңызды жоба. Жыл сайын бұл байқау өңірдегі өнегелі әулеттерді көпшілікке танытып, олардың өмірлік ұстанымын кейінгі буынға үлгі етеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі табысталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *