Владислав Лукин жаңа қызметке тағайындалды

Мамлют ауданының әкімі болған Владислав Лукин жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасына жетекшілік етпек. Оны бүгін облыстық әкімдікте өткен жиында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұханбетов таныстырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

33 жастағы Владислав Лукин М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді «Құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы облыстық құрылыс басқармасында бастаған. Кейін осы ведомствода бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болды. Бір кездері Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, Мамлют ауданының әкімі болып та жұмыс істеді. Ал 2023 жылдың тамыз айынан осы тағайындауға дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарды.

Тағы оқыңыз: СҚО мен Астанада жаңа тұрғын үйлерді көп берген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x