Қызылжар ауданының экс-әкімі басқарма басшысының міндетін атқарады

Қызылжар ауданының бұрынғы әкімі Жанат Сәдуақасов та жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол Владислав Лукиннің орнына облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жанат Сәдуақасов Қызылжар ауданын алты жыл басқарды. Ол қаңтар айының соңында ғана қызметінен кеткен еді.  43 жастағы шенеунік осыған дейін бірқатар ведомстволарда басшылық қызметтерді атқарды.

Енді өңір жетекшісінің өкімімен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқармақ.

Тағы оқыңыз: Владислав Лукин жаңа қызметке тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x