СҚО-да үйде қамалып қалған үш жасар бала құтқарылды

Солтүстік Қазақстанда жедел құтқару жасағының мамандары пәтерде қамалып қалған баланы құтқарды. Сонымен қатар құтқарушылар тағы 2 қарияға да көмектескен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

13 ақпанда сағат 10.54–те 112 телефонына әйел адам қоңырау шалады. Ол пәтерден шығып кеткенін және есіктің жабылып қалғанын айтқан. Ал үйде үш жасар бала жалғыз қалған. Алты минуттан кейін Шухов көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісіне СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы келді. Жағдайды бағамдап, бас құтқарушы Еділ Зикрин альпенистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттан төртінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп, есікті ашқан.

«Жыл басынан бері жедел құтқару тобының құтқарушылары құлыпталып қалған 26 есікті ашып, қамалып қалған 9 балаға көмек көрсеткен. Ал 13 ақпанда үш осындай факті тіркеліп, мамандар 1934 және 1937 жылдары туған қарияларды да құтқарды», -деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданының экс-әкімі басқарма басшысының міндетін атқарады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x