СҚО мен Астанада жаңа тұрғын үйлерді көп берген

Құрылыстағы көрсеткіштердің өсуі туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ел бойынша орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8% – ға ұлғайған.  Оң динамика 16 өңірде тіркеліпті.  Бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай облысында байқалады.

«Ағымдағы жылдың қаңтар айында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 3% – ға артық. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Астанада, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалады», – деді Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында.

Тағы оқыңыз:СҚО-да 53 елікті атқан қылмыстық топқа сот үкім шығарды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x