Қазіргі таңда Түркістанда VIII Халық ойындары өтіп жатыр. СҚО спортшылары кеше сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кеше волейболдан әйелдер құрамасы ШҚО-мен кездесіп, үш те нөл есебімен жеңіске жетті. Ал ерлер болса жамбылдықтарға есе жіберді. Есеп: 1-3. Асық атудан теріскейліктер Павлодар облысын айқын басымдықпен жеңді. Бес асықшыларымыз да ерледі. Олар алматылықтарды ойсырата ұтты.

Бұл күні теннисшілеріміз Түркістан және Қарағанды облысының спортшыларымен бақ сынасты. Екі кездесу де тартысты өтті. Солтүстікқазақстандықтар түркістандықтардан 6-5, қарағандылықтардан 6-3 есебімен басым түсті.

Ал футзалдан теріскейліктер Батыс Қазақстан облысының құрамасымер тең тарқасты. Есеп: 1-1. Гір спортынан жерлестеріміз жалпыкомандалық есепті үшінші орынға ие болды. Жарыста Святослав Гаманко (78 кг дейін) топ жарса, Арман Бекпасов (95 кг жоғары) күміс жүлдеге ие болды. Ал Роман Снытко (63 кг дейін) үздік үштіктен көрінді.

Тағы оқыңыз: СҚО қан орталығында жыл басынан 3500 адам қан тапсырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *