[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/1660646297_5.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Үстіміздегі жылы ветеринар мамандардың жалақысын тағы 50%-ға көтеру жоспарланып отыр. Осылайша, қызметкерлердің орташа айлық табысы 276 мың теңгені құрамақ. Өңірдегі ветеринария саласының өткен жылғы қорытындысы мен алдағы жоспарлары өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы 2 жылда ветеринария саласында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы артып келеді. Мысалы, 2021 жылы көрсеткіш 150 мың теңгені құраса, 2022 жылы орташа айлық 30% – ға өсіп, 184 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, өткен жылдан бастап сауықтыруға 2 лауазымдық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төленеді.

«Биыл мамандардың еңбекақысын тағы 50%-ға көбейту жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджеттік өтінімді қолдады. Алдағы уақытта орташа айлық табыс мөлшері 276 мың теңгені құрайтын болады. Тағы айта кетерлігі, былтыр облыстың ветеринарлық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары да жүргізілуде. Өткен жылы бұл бағытқа 85,4 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Оның ішінде 3 модульді ветеринариялық пункт сатып алу үшін облыстық бюджеттен 21,3 млн теңге бағытталды», – дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Болыспаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да инфляция мөлшері 18,9%-ды құрады

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x