Уалиханов ауданында ұстаздар күні аталып өтілді

Уалиханов ауданының ұстаздар қауымын аудан әкімі Қайрат Пішенбаев салтанатты түрде құттықтады. Мерекелік шарада оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген жандар да, бар өмірін ұстаздыққа арнаған ардагерлер де ұлықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Халықаралық ұстаздар күні Уалиханов ауданында бар сән-салтанатымен аталып өтілді. Аудандық мәдениет үйінде болған үлкен шараға жас мамандар да, ардагер ұстаздар да қатысты. Мектептің жүрегі саналатын мұғалімдерді аудан әкімі Қайрат Пішенбаев құттықтады.

«Біз Сіздердің мерекелеріңізді кәсіби деп айтамыз, алайда ол барлығымызға ерекше ыстық жалпыхалықтық, әрі сүйікті мерекелердің бірі болып табылады. Ауданымыздың білім беру мекемелерінде үлкен зияткерлік әлеует шоғырланған. Оқушыларымыздың өте жақсы жетістіктері, Ұлттық біріңғай тестілеудегі жоғары нәтижемен көрінуі, ауданымыздың беделінің артуы-соның айқын дәлелі. Бұл тұғырдан түспей, үлкен белестерді, шығармашылық шыңдарды бағындыруға шын жүректен тілектеспін» -деді Қайрат Пішенбаев.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Публикация от Уәлиханов ауданы (@ualikhanovaudany)

Сондай-ақ, ауданның біраз педагогтары аудан әкімінің қолынан білім басқармасы және аудан әкімінің   алғыс хат, құрмет грамотларын алды. Бұл орайда талай жылын бала тәбиесіне арнап, білім нәрімен сусындатқан зейнетке шыққан ардагерлер де ұлықталды.

«Еңбек ардагері» төсбелгісіменТелжан орта мектебінің ардагер ұстазы, мектеп директоры қызметін атқарған Орынбасар Сүлейменова, ҚР Оқу ағарту министрінің алғыс хатымен Бидайық орта мектебінің орыс тілі және әдебеиті пәні мұғалімі Салтанат Қатаева, Кәсіподақ кеңесінің «Уәлиханов ауданы білім саласының Құрметті қызметкері» белгісімен Ақтүйесай ОМ ардагер ұстазы Геннадий Сабитов марапатталды. «Күншуақ» балабақшасының ардагер ұстазы Күлбан Ескенова, Кішкенекөл №1 ОМ ардагер ұстазы Алма Латыпова да марапатқа ие болды.

Ұлағатты ұстаздар қауымын Уалиханов ауданының  өнерпаздары да құттықтап, үлкен мерекелік концерт ұсынды.

Тағы оқыңыз: Өңір ұстаздарына құрмет көрсетілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x