Уәлиханов ауданының әкімі ардагерлермен кездесті

Уәлиханов ауданының әкімі аға буын өкілдерімен кездесті. Жиында Мұрат Абдулов елді мекеннің дамуына үлес қосып жүрген белсенді ардагерлерге алғысын білдірді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ақсақалдардың басын бір дастархан басына қосқан аудан әкімі Мұрат Абдуловты ардагерлер алдымен жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ кездесу барысында бүгінгі таңда өзекті тұрған бірқатар мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жем-шөптің тапшылығы. Ардагерлер малды жеткілікті азықпен қамтамасыз ету үшін ауылдардың маңайындағы бос, игерілмей жатқан жерлерді пайдалануды ұсынды. Жер иелерін анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті. Аға буын өкілдері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер алқаптарда орылған сабанды қалдырса, халық үшін көп көмек болар еді деген пікірін де білдірді.

Одан басқа, елді мекендерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, көпқабатты үйлердің проблемасын шешу сынды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Ақсақалдар Кішкенекөл ауылындағы көпқабатты үйлердің жұмысымен айналысатын кәсіпорын ашуды ұсынды. Айтуларынша, бұл өз кезегінде осы саладағы мәселелерді шешуге септеседі.

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік желідегі парақшасына террористік ұйымның туын қойған петропавлдық жазаланды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x