Әлеуметтік желідегі парақшасына террористік ұйымның туын қойған петропавлдық жазаланды

Петропавл тұрғыны мобильді қосымшадағы өз аккаунтының профиліне фотосурет ретінде террористік ұйымның туын қойған. Осы әрекеті үшін 53 жастағы ер адам 360 мың теңгеден астам айыппұл төлемек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл фактіні облыстық  полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады. Ер адам орналастырған суретке Қазақстан Республикасының аумағында сот шешімімен тыйым салынған. Нәтижесінде мамандандырылған әкімшілік сот 53 жастағы ер адамға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ірі айыппұл салды.

Жыл басынан бері экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет арқылы діни материалдарды заңсыз таратудың бес фактісін  анықтаған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да наурыз айында боран, көктайғақ және тұман жиі болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x