СҚО-да наурыз айында боран, көктайғақ және тұман жиі болады

Синоптиктердің болжамы бойынша, солтүстік облыстарда наурыз айы құбылмалы болмақ. Қар, боран, тұман түседі, деп жазады Qazaqstan Мedia тілшісі.

«Қазгидромет» мамандары Қазақстанның басым бөлігіне көктем әдеттен кеш келеді деп отыр. Сонымен бірінші онкүндікте солтүстік аймақтарда ауа температурасы жоғарлауы ықтимал. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде -5-17°С-тан -3-8°С-қа дейін, күндіз -1-7°С-тан -2+3°С-қа дейін болады. Ал екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі. Тіпті теріскейде түнде -27°С болады деп болжануда. Көктемгідей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде келеді. Елдің солтүстік жартысында түнде -5+3°C, күндіз +3+13°C болжанып отыр.
Қазақстанның солтүстік облыстарында бір ай ішінде қыс мезгіліндей суық ауа райы, қар, боран, жиі көктайғақ және тұман болады деп күтілуде.

Тағы оқыңыз: Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x