СҚО-да жыл басталғалы 90 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жыл басталғалы облысымызда 90 өрт оқиғасы тіркеліп, алты адам қаза тапты. Тағы 18 адам түрлі дене жарақатын алған. Олардың бесеуі кішкентай бала. Тілсіз жау 47 млн теңгеден астам шығын келтірген. ТЖД мамандарының сөзінше, өрттің 74 пайызы жеке тұрғын үй секторында тіркеледі екен. Сол себепті өрт сөндірушілер жылыту маусымы кезінде сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.

«Барлық облыс тұрғындарына сақтық шараларын ұстануды ескертеміз. 15 ақпаннан бастап өңірде «Қауіпсіз сауда» акциясы басталды. Оның аясында департамент қызметкерлері сауда үйлері мен дүкендерде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде 300-ден астам адамды қамтитын 27 сауда нысанының иелері, қызметкерлері және келушілеріменкездестік. Оларға ережелерді түсіндіріп, оқыс оқиға кезінде әрекет ету жолдары айтылды», – дейді СҚО ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихин

Тағы оқыңыз:Уәлиханов ауданының әкімі ардагерлермен кездесті

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x