Петропавлда этностар форумы өтті

1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтілетіні белгілі.Бұл күн Қазақстанда 2016 жылдан бері мейрам ретінде тойланып келеді. Мерекеге орай облыстық ҚХА «Қазақ халқына мың алғыс» этностар форумы өтті. Жиын барысында бірқатар өңір белсенділері  марапатталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Бұл – елімізді мекендейтін 130-дан астам ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн. Тарихтағы өткен күндерге алғыс айтып, бір-біріне құрмет көрсетуге шақыратын мереке.

«1995 жылдың 1-ші наурызында Қазақстан халқы ассамбелясы құрылды.  Сондықтан да бұл күн ассамблея күні. Және бұл күнді тоғыз жыл бұрын тұңғыш президент алғыс айту күні деп жариялаған болатын. 1 наурызды басқа елдердің мерекесімен ауыстырып алмауымыз керек. Себебі, бұл күні  депортацияға ұшыраған өзге ұлт өкілдері өздерін қиын-қыстау кезде қолдап, құшақ жая қарсы алған қазақ еліне рахметін айтады», – дейді профессор, СҚО құрметті азаматы Анатолий Башмаков.

Форум барысында бірқатар өңір белсенділері ҚХА, ішкі саясат басқармасының арнайы  алғыс хатымен  марапатталды. Сонымен қатар, келушілер назарына мерекелік концерт ұсынылды.

Тағы оқыңыз:Жыл басынан бері СҚО-да алты адам өрттен қаза тапты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x