Уәлиханов ауданында «Солтүстік-2024» қысқы спорт ойындарының аудандық кезеңі өтті

Биыл Уәлиханов ауданының спортшылары Тілеусай ауылында бас қосып, «Солтүстік-2024» қысқы спорт ойындарының аудандық кезеңін өткізді, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.

Жарыстарға 8 ауылдық округтің спортшылары қатысты. Олар шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, шорт-трек сынды спорт түрлерінен сынға түсті.

Уәлиханов ауданында «Солтүстік-2024» қысқы спорт ойындарының аудандық кезеңі өтті

Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Талғат Сағитов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Және ауданда аталмыш салада атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

«Спорт және дене шынықтыруды дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөлініп, қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылдық округтерде спорттық нысандар бой көтеріп, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жабық бассейн салынуда. Осының арқасында көптеген уәлихандықтар спортқа ден қойып, дене шынықтырумен айналысушылар саны артып келеді. Ауданымызда қысқы спорт түрлері де жақсы дамып жатыр. Бүгінгі жарыстар соның айқын дәлелі. Барша спортшыларға сәттілік тілеймін. Жеңісті күндер көп болсын», – деді Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Талғат Сағитов.

Жарыстар тартысты өтті. Спортшыларға қолдау білдіруге келген жанкүйерлер қатары да қалың болды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынға Көктерек ауылдық округінің спортшылары ие болды. Күміс жүлде кішкенекөлдіктерге бұйырды. Ал үшінші орынды Телжан ауылдық округінің спортшылары иеленді.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x