Президент Қазақстан үкіметін отставкаға жіберді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді. Енді Премьер-министрдің міндеттерін уақытша Роман Скляр атқармақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметін тарату туралы жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес, ҚР үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын», – делінген Президенттің жарлығында.

Премьер-министрдің міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. Ал үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін министрлер өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

Осы ретте айта кетейік, 7-ші ақпан күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да құрылыс компаниялары жергілікті газ блоктар мен қоспаларды пайдаланады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x