14-ші наурыз- Наурызнама бойынша Көрісу күні. Ел бойынша тойланып жатқан мейрамды Уәлиханов ауданының тұрғындары да бар сән-салтанатымен атап өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көрісу күнін атап өтуге ауданның кәрі-жасы ат салысты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, аудандық кітапхана, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ардагерлер ұйымының мүшелері аудан орталығының еңбек ұжымдарын құттықтады. Олар Қазақстанда жаңа концепция бойынша тойланып жатқан мейрамның алғашқы күнін ерекше атап өтті. Жақсы көңіл-күйде бір-бірлерімен көрісіп, көктемнің жаңару мерекесінде игі тілектерін жеткізді.


Сонымен қатар, қазақтың тәтті бауырсағы, сары майы мен ағы мол дастархан басында ақ бата да берілді.

Жалпы Көрісу күні ел көлемінде бірінші рет тойланып жатыр. Бұл күні халқымыз бір-біріне деген бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздығын ұмытады. Бір-біріне қонаққа барып, амандық біліседі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Теріскей» ансамблінің концерті өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x