Уәлиханов ауданында биыл құрылыс жұмыстарына рекордтық қаражат бөлінді

Уәлиханов ауданында биыл құрылыс жұмыстары 4 есе артқан. Қаржыландыру жағынан да өзге жылдармен салыстырғанда көп ақша бөлінді, 7,6 млрд теңге, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында өңірлік коммуникациялар орталығында есеп берген аудан әкімі Қайрат Пішенбаев айтты. Биыл мұнда құрылыс жанданған. 2,8 млрд теңгеге біраз шаруа тындырылған. Көрсеткіш 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 есе артық.

«Облыс әкімінің қолдауының арқасында биыл ауданымызда үлкен құрылыс жұмыстары жүзеге асырыла бастады. Ол үшін аудан тарихындағы рекордтық қаржы, 7,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 жобаға, «Мықты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында 5 және жергілікті бюджеттен 7 жоба қаржыландырылды», – деді спикер.

Қаржының негізгі бөлігі әлеуметтік нысандарды салуға, жолдарды жөндеуге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жұмсалды. Аудан бойынша жалпы 93 шақырым жол қалыпқа келтірілген.

«Қулыкөл, Телжан, Кішкенекөл, Бидайық ауладырында ауылішілік жолдар жөнделді. Оған 919 млн теңге бөлінді. Аудандық маңызы бар «Өндіріс-Жұмысшы-Мырзағұл» ауылдары арасындағы 35 шақырымдық жол, «Көктерек-Тоспа-Жасқайрат-Қайрат» ауылдарының арасындағы 48 шақырым жолдарды  жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобаларға 730 млн теңге бөлінді. Олар екі жылға арналған жобалар», – деп нақтылады Қайрат Пішенбаев.

Сонымен қатар биыл облыстық маңызы бар Ақбұлақ-Кішкенекөл жолы жөнделген. Оған 680 млн теңге жұмсалды. Жалпы, жоғарыда аталған жобалардың арқасында аудандық маңызы бар жолдардың 73,6% жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткен.

Тағы оқыңыз: Петропавлда мектепте балаларға шабуыл жасаған оқушы 6 жыл 9 айға сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x