туризм

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен   Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев келді. Сапар барысында Ержан Мәлікұлы Айыртау ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, елдегі туристік саланың негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, Айыртау ауданының туристік әлеуетін арттыру жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

туризм

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев ең алдымен елдегі туристік саланың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды. Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы Қазақстанда ішкі туристер саны 8,6 миллион адамға жеткен. Оның 1 миллионы шетелдік туристер. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 25 пайызға артты. Яғни, рекордтық көрсеткіш – 8,6 миллион адамды құрады. Бұл 1,7 миллион Қазақстан азаматы елімізде демалғанын білдіреді. Өткен жылы шетелдік туристер саны 1 миллионға жетті. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға жетеді деп жоспарлап отырмыз. Орналасу орындарының саны 284 бірлікке артты», – дейді  ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев

Десек те, бұл салада олқылықтар көп. Тіпті, кейбір демалыс орындарында қарапайым жуынатын бөлмелердің өзі жоқ. Болған күннің өзінде өте нашар күйде. Министрлік бұл мәселені назарға алып, шешу жолдарын қарастырып жатыр.

«Бұл мәселені біртіндеп шешу үшін мемлекет   кәсіпкерлерге ай сайын 83 мың теңге төлеп жатыр. Әрине, бұл көп ақша емес. Алайда, дәретханаларды таза ұстауға жетеді», – дейді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Аталған салаға инфрақұрылымның жоқтығы да айтарлықтай кедергі жасайды. Жолдың жағдайы жақсармай, туризмді дамыту туралы айтудың өзі артық.

туризм

«Бүгінде біз әкімдікке инфрақұрылым мәселесін еш кедергісіз әрі тез арада шешу үшін заңға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Егер турист демалыс орнына демалуға келіп, оған лайықты жағдай жасалмаса, ол бұл жерге екінші рет бармайды. Қауіпсіздік болмағандықтан экологиялық апаттар да жиі орын алады»,-дейді  ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жергілікті кәсіпкер Абай облысындағы апат бәрімізге сабақ болуы керек дейді. Балалар лагері, демалыс базалары елді-мекендерден алыс орналасқан. Сондықтан медициналық көмек алу үшін немесе өртті сөндіру үшін мамандарды күту керек. Ал бұл өз кезегінде көп уақытты алады.

«Жаз уақытында Шалқар-Имантау қурорттық аймағының кіреберісінде арнайы мамандар кезекшілік етсе, нұр үстінен нұр болар еді. Осылайша, уақытында оқыс оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік туады», – дейді  ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Бұдан кейін вице-министр Айыртау ауданындағы туристік нысандардың қызметімен танысты. Бүгінде Шалқар-Имантау курорттық аумағында 40 демалыс базасы бар. Оның 10-ы жыл бойы жұмыс істейді. Өткен жылы мұнда жиырма мыңнан астам турист демалған. Биыл курорттық аймақта 7 туристік нысан пайдалануға берілмек. Ол үшін 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік Кодекс қолданысқа енгізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x