Қылмыс жасап, қашып жүрген СҚО тұрғындары Ресейден табылды

Адам денсаулығына зиян келтіріп, ауыр ұрлық жасаған СҚО тұрғындары Ресей аумағынан анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстікқазақстандық полицейлер көрші елдердің тәртіп сақшыларымен қылмыскерлерді іздестіру бойыша өзара хабар алмасып отырады. Мәселен, биыл жергілікті мамандар қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 адамды анықтады. Олар көбіне алаяқтық, ұрлық фактілері бойынша бұзушылықтарға барған көрінеді. Іштерінде жол-көлік апатына қатысы бар азаматтар да бар. Іздестіру шаралары барысында тағы 2 адам ұсталған.

«Екеуіне қатысты күзетпен қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олардың біреуі қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған, Өзбекстанға экстрадицияланды. Ал анықталған екінші адам Ресей Федерациясының Омбы облысында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Енді оны сот үкімі күтіп тұр», – деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Полицейлердің мәліметінше, біздің жақта қылмыс жасап, көрші елге қашып кеткендер анықталған. Жазадан құтылып кетпек болған 59 және 49 жастағы тұрғындар Ханты-Мансийск автономды округінің және Санкт-Петербург қаласының аумағында ұсталды. Алғашқы аталғаны адам денсаулығына қасақана зиян келтірген. Ал, екіншісі ұрлық жасапты.

«Мемлекеттердің ішкі істер органдарының тығыз қарым-қатынасы полиция жұмысының тиімділігін арттырады және жасалған қылмыстар үшін жазадан бұлтартпау қағидатын іске асыруға ықпал етеді», – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Тағы оқыңыз: Туристер саны 8,6 миллион адамға жетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x