Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтадыды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құттықтаудың мәтіні Ақорда сайтында жарияланды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Бұл – мұсылман қауымының ерекше ықыласпен қарсы алатын ұлық мерекесі. Қасиетті Рамазан айында жұрт адамгершілік құндылықтарға баса мән береді, рухани тазаруға ұмтылады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қайырымдылық көрсетеді. Отыз күн оразадағы сабыр мен қанағатқа негізделген игі амалдың бәрі Айт мерекесінің шынайы болмысын айшықтай түседі», – делінген құттықтауда.

Сондай-ақ президент ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейтінін айтты.

«Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Айт қабыл болсын, ағайын!» – делінген президент құттықтауында.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі өңір тұрғындарына үндеу жолдады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x