Тимирязев ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Арнайы семинарда топырақтағы ылғал қоры, техниканың дайындығы, тұқым, тыңайтқыштар мен дизель отынының жеткіліктілігі жайлы сөз болды, деп жазады Qazaqstan Media.
Ылғал қоры жеткілікті ме? Қазіргі уақытта топырақта ылғал бар, техника толықтай дайын, тұқым себуге әзір. Алайда шаруашылықтар негізгі агротехникалық шараларды кешіктірсе, тыңайтқыш пен жанар-жағармайды уақытында жеткізбесе, бұл артықшылықтар өз мәнін жоғалтуы мүмкін. Бұл мәселе арнайы семинарда талқыланды.
Жиынды аудан әкімі Ерлан Жаров ашты. Оған ветеринария басқармасының, еңбек инспекциясы, «Қазгидромет», аумақтық инспекция, жергілікті органдарының өкілдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Әртараптандыру бағыты Биыл аудандағы жалпы егіс көлемі шамамен 260 мың гектарды құрайды. Оның ішінде 189,7 мың гектарға дәнді дақылдар егіледі. Майлы дақылдар 58,7 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 11,3 мың гектарға сіңірілмек. Сонымен қатар картоп пен көкөніс егуге де жер қарастырылған.
Қазір басты мәселе — топырақтағы ылғалды сақтау. Қысқа дейін метрлік қабаттағы ылғал қоры 120 мм болған, бұл орташа деңгей деп бағаланады. 2025 жылғы 1 қазаннан 2026 жылғы 14 сәуірге дейін 109 мм жауын-шашын түскен, бұл жалпы норманың 92%-ы. Дегенмен, биыл топырақтың қату тереңдігі 148 см-ге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 76 см-ге артық болған. Бұл топырақтың еруіне және ылғалдың сақталуына әсер етеді. Сондықтан сәуір мен мамыр айлары аграршылар үшін күрделі болуы мүмкін. Температураның жоғары болуы топырақтағы ылғалдың булануын күшейтеді.
«Мұндай жағдайда ерте көктемгі жұмыстар — ылғал жабу, аралық және егіс алдындағы топырақ өңдеу, арамшөптермен күрес, сондай-ақ тұқым себу мерзімі мен нормаларын дұрыс таңдау аса маңызды. Бұл шаралар күзгі өнім көлемін анықтайды», — деді деді ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Александр Степаненко.
Элиталық тұқым қажет Егіске 28,5 мың тонна тұқым дайындалған. Оның 87%-ы толық сараптамаға жіберілген. Оның ішінде 57%-ы бірінші, 38%-ы екінші, 5%-ы үшінші классқа жатады. Алайда ауданда элиталық тұқым жеткізу мәселесі өзекті болып отыр. Соңғы он жылда оның үлесі 3%-дан 11,1%-ға дейін ғана болған.
Биыл тұқымды жаңарту жоспарын орындау үшін 2,4 мың тонна элиталық тұқым қажет. Ұзақ уақыт жаңартылмаған тұқым сапасын жоғалтып, өнімділікке кері әсер етеді. Биыл шаруалар 23 мың тонна тыңайтқыш енгізуі тиіс. Қазіргі таңда 14,7 мың тоннаға өтінім берілген (63%), 8,8 мың тоннаға келісімшарт жасалған, 7,5 мың тоннасы төленген, ал нақты жеткізілгені 4,5 мың тонна немесе жоспардың 19%-ы ғана.
Техника дайындығы Биылғы егіс жұмыстарына 705-тен астам трактор, 1175 тұқым сепкіш және 109 заманауи егіс кешені қатысады. Техниканың дайындығы 98% деп бағалануда. Сонымен қатар шаруашылықтар техникалық жаңғыртуды жалғастырып жатыр. 2025 жылы 4,8 млрд теңгеге 219 сатып алынған.
Аудандағы құрылғаныра 30 жылдан асқан 468 техника бар. Көктемгі дала жұмыстарына мемлекет 4,1 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлді. Жалпы қажеттілік — 4,2 мың тонна. Шаруалар үшін дизель бағасы литріне 281 теңгені құрайды.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

