25-ші сәуір күні жергілікті «Қызылжар» футбол клубы өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны»қабылдайды. Матч алдында редакция тілшісі ойыналды шолу жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қос команда да ел чемпионатын сәтті бастады деп айтсақ болады. Теріскейлік теңбіл доп шеберлері алты ойында үш рет жеңіске жетті. Екі рет тең түсіп, бір матчта жеңіліс тапты. Қарсылас қақпасына тоғыз гол соғып, төрт доп өткізді. Турнирлік кестеде 11 ұпаймен төртінші сатыда тұр.

Ал «Ордабасы» болса чемпионат басталғалы жеңілген жоқ. Алты ойында үш рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түсті. Қазіргі таңда 12 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында тұр.

«Қызылжар» футбол клубы соңғы ойынын сырт алаңда өткізіп, «Атыраудан» нөл де бір есебімен басым түскен болатын. Ал «Ордабасы» болса өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» екі де бір есебімен жеңді. Айта кету керек, қос команданың арасын бір ғана ұпай бөліп тұр.

Ойында нақты фаворит жоқ. Сарапшылардың көбі матчта тең есеп тіркеледі деп күтуде. Айта кету керек, матч 25-сәуір күні 17:00-де өтеді. Өтетін орны — «Қарасай» стадионы.

Тағы оқыңыз: Тимирязев ауданында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пысықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *