Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға екі қолға бір күрек іздеген 200-ден астам адам шақырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шараға 50-ден астам кәсіпорын өкілдері қатысты. Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру. Қазір өңірде заңгер, есепші, электрик, дәнекерлеуші сынды мамандар тапшы.

Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«Негізі, мұндай шаралар ай сайын ұйымдастырылып тұрады. Былтыр қалада барлығы – 15 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Мұндай шаралар өз нәтижесін беріп жатыр. Өткен жылы тек жәрмеңке арқылы 300-ден астам адам жұмысқа орналасты», — СҚО ІСБ қоғамдық даму және ақпарат орталығының бөлім басшысы Анастасия Волкова.

Жыл басынан бері жастар ресурстық орталықтарына 200-ден астам адам жүгінген. Олардың 30 пайызы жұмысқа орналасты. Ұйымдастырушылар мұндай жәрмеңкелер алдағы уақытта да жалғасатынын айтып отыр. Қазіргі таңда облыс орталығында жұмыссыз жүрген мыңға жуық адам бар. Ал бос жұмыс орындар саны 800-ден асады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында жиын өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *