Демалыс күндері Қостанайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жүлдесіне арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Додада теріскейлік палуандар екі алтын, бір күміс, бір қола еншіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Демалыс күндері Қостанай қаласында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жүлдесіне арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің түкпірінен келген 300-ге жуық спортшы қатысты. Барлығы — «Сен тұр, мен атайын» дейтін кіл мықтылар.

Бәсі биік додада теріскейлік палуандар атой салып, екі алтын, бір күміс, қола медаль еншіледі. Дәлірек айтсақ, Алтынбек Аусағитов пен Жігер Еркінұлы қарсыластарыр қоғадай жапырып, чемпион атанды. Ал Жандос Нұрбек тұғырдың екінші сатысынан көрінсе, Мұхаммед Қалелов үздік үштікті түйіндеді.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/wp-admin/post.php?post=135564&action=edit

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *