Табысқа кенелемін деп 1 500 000 теңгесінен айырылған

Петропавлдың 50 жастағы тұрғыны үйден шықпай-ақ табысқа кенелемін деп 1 500 000 теңгесінен айырылды. Ол алаяқтар жариялаған жалған ақпаратқа алданған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

50 жастағы петропавлдық интернет желісінде биржада табыс табу жайлы хабарландыруды көріп өзінің деректерін қалдырған. Кейін әйелге бәзбіреу қоңырау соғып мол қаржыға қол жеткізудің жолын айтқан. Тек ол үшін ең алдымен мұнай компаниясына қаржы құю керек деп сендірген. Келіншек сөзге иланып, 1 500 000 теңгесінен айырылды. Дәл осындай жолмен алаяқтар 22 жасар қала тұрғынын да алдап түсірген. Ол «YouTube» каналында «ҚазМұнайГаз» компаниясының инвестициялық қорында ақша табу жайлы жарнаманы көріп қалған. Сілтеме арқылы өтіп,  жеке деректері, байланыс нөмірімен бөліскен. Бірнеше күннен кейін бейтаныс ер адам хабарласып, жобаға қосылу үшін алдымен белгілі бір мөлшерде қаржы жіберуін сұраған.

«Жәбірленуші бейтаныс ер адамның айтқандарын бұлжытпай орындап отырған. Дегеніне жеткен алаяқ қаражатқа қол жеткізіп алып, байланысқа шықпай қойған. Осылайша, 700 мың теңгесінен айырылған қала тұрғыны полицейлерге жүгінді», – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Виталий Подчернин.

Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 259 дерегі тіркелген. Сондықтан полицейлер сақтық шараларын естен шығармауға кеңес береді.

Тағы оқыңыз: Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x