суға шомылу маусымы

Маусымның 1-нен облыста суға шомылу маусымы басталады. Алайда ыстыққа шыдамаған тұрғындар суға түсуді бастап кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілішісі.

Солтүстік Қазақстанда күннің жылынғанына 3-4 күн ғана болды. Оның өзінде ауа температурасы + 26 градустан асқан жоқ. Тиісінше, өзен-көлдердің де суы жылып үлгермеді. Бірақ бұл ыстыққа шыдамаған тұрғындарға кедергі болмаған сыңайлы. Пестрый көлінде суға түсіп, демалып жүргендерге құтқарушылар ескерту жасады. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында мамандар шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жаднама таратты.

«Рейд барысында қала аумағындағы жағажайларды аралап, тұрғындарға қарапайым ережелерді еске салуды жөн көрдік. Өйткені, салғарттықтың соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін.1-ші маусым өңірде суға шомылу маусымы басталады. Сондықтан осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады», – дейді СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ризабек Темірбеков.  

Өңірде суға түсуге рұқсат етілген 58 орын бар. Олардың 2-еуі Петропавл қаласында орналасқан. Өткен жылы облыста 5 қайғылы жағдай тіркелді. Суға кеткендердің арасында балалар да бар.  

Тағы оқыңыз: Табысқа кенелемін деп 1 500 000 теңгесінен айырылған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x