[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-24-at-11.09.31-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Мемлекеттік корпорацияның 1414 бірыңғай байланыс орталығының желісінде 24/7 тәулік бойы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін робот іске қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Робот ең танымал 50 мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес береді. Ол төлқұжат, жеке куәлік, электрондық цифрлық қолтаңба алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алу сияқты қызметтерден бөлек, басқа да сұрақтарға жауап береді. 1414 Бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға 11 жылдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері желіге 1,2 миллионнан астам қоңырау түскен, оның 35 пайызына робот қызмет көрсетті. 1414 желісіне қоңырау шалу тегін және барлық ұялы байланыс операторларының пайдаланушылары мен стационарлық телефоннан қоңырау шалатын азаматтар үшін қолжетімді. Бірыңғай байланыс орталығы арқылы тұрғындар ХҚКО-ға кезекке тұру, құжаттардың дайындығын тексеру, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар беру сияқты қызметтер ала алады.

«Виртуалды оператордың әлі де кемшілік тұстары бар. Қоңырау шалу барысында робот сізді дұрыс түсінбейтін жағдайлар болуы мүмкін, бірақ оны неғұрлым көп адам қолданса, кеңес беру деңгейі соғұрлым жақсарады. Біз мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта робот көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімін арттыратынымызды атап өтемін», – дейді Мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x