[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/full_167721781219c68a30c242aa127859d1bec0c7a75a_webp-1.webp» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

«Сәтті Жұлдыз» лотереясына қатысқан петропавлдық 109 миллион теңге ұтып алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қарапайым петропавлдық жиһаз жинаушы бір күнде миллионер атанды. Константин есімді азамат туған күні қарсаңында лотерея билеттерін сатып алған. Кейін оған LOTO 6/49 джекпотын ұтып алғаны туралы СМС келеді. Бірақ ер азамат хабарламаға сенбеген. Тіпті, ойынды ұйымдастырушылар телефон шалып, ұтысты алып кетуге Алматыға шақырғанда да күмәнмен қарадым дейді Константин.

«Менің бұл жаққа ұтыс алып кетуге келгенімді отбасым да білмейді. Әлі бірде бір адамға бұл жаңалықты айтып, сүйінші сұрамадым. Әйеліме іс-сапарға кеттім деп айтқанмын. Өзім келіп, көріп, толықтай сенімді болғанда ғана айтқым келді», – дейді Константин.

Петропавлдық қаржыны қайда жұмсайтынын да жоспарлап қойған.

«Өзімнің үйім жоқ еді. Ақшаның бір бөлігіне бірінші кезекте үй аламын. Одан кейін қалғанына көлік алсам деген ой бар. Отбасыммен шетелде демалып қайтсам ба деймін. Үйіме барғанда әйеліммен де ақылдасамын ғой», – деді жеңімпаз.

Константин келешекте де ұтыс ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. Өзге қазақстандықтарды да бағын сынап көруге шақырады.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x