СҚО-да жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

СҚО Айыртау ауданының Лобаново ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Амбулатория 4 ауылда тұратын 1,6 мың адамға сапалы медициналық қызмет көрсететін болады.
Жаңа нысанда облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов болып, дәрігерлермен кездесті.

СҚО-да жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Сондай-ақ бұл күні өңір жетекшісі Арықбалық ауылында болып, күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйін аралады. Осы жерде ауыл тұрғындарымен жүздесіп, олардың базыналарын тыңдады. 2024 жылы Арықбалықтағы ауылішілік жолдар жөнделеді.

СҚО-да жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Бұдан соң облыс әкімі Ғабит Мүсірепов ауданына барып, Сокологоровка ауылының тұрғындарымен кездесті.

«Бұл ауылдың тұрғындары жер мәселесі бойынша Ғауез Нұрмұхамбетовтың қабылдауында болған еді. Бүгінгі кездесуде ауылдың одан әрі дамуы және инвестордың жұмысы әңгіме арқауына айналды.
Бұдан кейін СҚО әкімі Ковыльное ауылына барып, өңірдегі белгілі диқан Серік Малаев бастаған шаруашылықтың жұмысымен және елді-мекеннің тыныс-тіршілігімен танысты», – деп жазды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жуық арада Тахтоброд ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа беріледі. Бүгіндері нысанның құрылысы аяқталуға жақын.

Тағы оқыңыз: Петропавлда заңсыз орнатылған 147 гараж алынып тасталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x