Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік органдарға түсетін өтініштер саны артқан. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында тұрғындардан 30 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға көп, деп жазады Qazaqstan Media.

Өтініштердің ең көп бөлігі білім беру саласына қатысты — шамамен 20%. Одан кейін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен жер пайдалану мәселелері тұр. Ауыл шаруашылығы және денсаулық сақтау салалары бойынша да тұрғындар жиі жүгінген.

Білім беру мәселелері бойынша өтініштер саны бір жыл ішінде айтарлықтай өскен. Денсаулық сақтау саласындағы жүгінулер де көбейген. Ал коммуналдық мәселелер бойынша өтініштер, керісінше, азайған.

Жауапты органдар өтініштер санының жалпы өсуін тұрғындардың цифрлық сауаттылығының артуымен байланыстырады.

Ең көп өтініш Петропавл тұрғындарынан түскен. Одан кейін Қызылжар, Тайынша, Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандары тұр.

Жыл басынан бері мемлекеттік органдарға 11,5 мыңнан астам адам жүгінген. Олардың басым бөлігі — жеке тұлғалар. Өтініш берушілердің орташа жасы — 42 жас. Арасында жұмыс істейтін азаматтар мен зейнеткерлердің үлесі жоғары.

Сонымен қатар облыс басшылығы азаматтарды жеке қабылдауды жалғастыруда. Сегіз айда облыс басшылығы 260 адамды қабылдаған. Өңір әкімі 17 жеке қабылдау өткізіп, 76 тұрғынның мәселесін тыңдаған.

Тағы оқыңыз: Алексей Луценко — Азия ойындарының алты дүркін жеңімпазы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *