Кеше Петропавлда ҚР Полиция күні кең көлемде аталып өтті. Салтанатты шара аясында тәртіп сақшыларына 100 су жаңа автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Кеше облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов полиция қызметкерлеріне 100 жаңа қызметтік автокөліктің кілтің табыс етті. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларына ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының арнайы взводын жасақтауға арналған 4 жол талғамайтын квадроцикл берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста құқық қорғау органдарының әлеуетін арттыруға баса назар аударылуда. Биыл осы мақсатқа облыста шамамен бір миллиард үш жүз миллион теңге бағытталды. Айта кету керек, жыл басынан бері полицияның қызметтік автопаркі 80 жаңа автокөлікпен толықтырылған болатын.

«Жаңа техникалар полиция қызметкерлерінің жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз: «Қызылжар» әйелдер футбол клубы «Шахтерды» ойсырата жеңді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *