Петропавл қаласында «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі – 2026» облыстық көркемөнерпаздар байқауының қорытынды гала-концерті өтті. Бұл өнер мерекесі өңірдің барлық ауданынан келген шығармашылық ұжымдардың басын қосып, ауыл мәдениетінің бүгінгі жетістіктерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік берді, деп жазады Qazaqstan Media.

Байқаудың басты мақсаты – ауылдық жерлердегі мәдениет саласын дамыту, талантты өнерпаздарға қолдау көрсету. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу және халық шығармашылығын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, мәдениет үйлерінің шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады. 

Байқаудың қорытынды кезеңіне облыстың барлық ауданынан үздік деп танылған өнер ұжымдары қатысты. Олар көрермен назарына арнайы дайындалған концерттік бағдарламаларын ұсынып, ән, би, театрландырылған қойылымдар мен ұлттық өнердің түрлі жанрларын сахналады. Қатысушылар туған өлкесінің мәдениеті мен салт-дәстүрін де әсерлі түрде насихаттады.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде- шағын автобус Мағжан Жұмабаев ауданының шығармашылық ұжымына табысталды. Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

СҚО-да «Жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» анықталды
СҚО-да «Жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» анықталды

«Ауылдың үздік мәдениет мекемесі» байқауы өңірде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл жоба ауылдық мәдениет ошақтарының жұмысын жандандыруға, өнер ұжымдарының кәсіби деңгейін арттыруға және ұлттық мәдени мұраны келер ұрпаққа насихаттауға зор үлес қосып келеді. Осындай бастамалардың арқасында ауыл мәдениеті жаңа серпін алып, өңірдің рухани өмірі жыл сайын мазмұнды әрі бай бола түсуде.

СҚО-да «Жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» анықталды
СҚО-да «Жылдың үздік ауылдық мәдениет мекемесі – 2026» анықталды

Тағы оқыңыз: Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *