Петропавл қаласының туған күніне орай жаңа экопарк аумағында триатлоннан ашық чемпионат ұйымдастырылды. Жарысқа қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар және салауатты өмір салтын ұстанушылар қатысты, деп жазады Qazaqstan Media.

Триатлон Қазақстанда алғаш рет 2015 жылы Алматыда өткен. Петропавлдағы жарысқа қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Балалар 200 метрге жүгіріп, 500 метрді велосипедпен жүріп өтіп, тағы 200 метрге жүгірді. Ал ересектер 300 метрге жүзіп, 8 шақырымды велосипедпен еңсеріп, 2 шақырымға жүгірді.

Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті
Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті

Жарысқа барлығы 120-дан астам спортшы қатысты. Олардың арасында ең кішкентай қатысушы – алты жастағы Ева Аверина да болды. Бүлдіршін қашықтықты толық бағындырып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті
Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті

«Маған спортпен шұғылданған ұнайды. Биыл бірінші сыныпқа барамын. Шорт-трекпен айналысамын. Қала тұрғындарына денсаулық тілеймін. Достарымыз көп болсын», – деді Ева.

Шараның мақсаты – тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Чемпионаттың жаңа экопаркте өткізілуі де кездейсоқ емес. Бұл аумақта велосипед жолақтары, жүгіру жолдары, су айдыны және спорт алаңдары орналасқан.

Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті
Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті

Қала әкімінің орынбасары Сергей Мелеховтың айтуынша, экопаркті дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

«Көл жағасын абаттандыруды жалғастырамыз. Келесі жылы аквапарк салу, жаяу жүргіншілер жолдарын көбейту және жаңа спорт алаңдарын орнату жоспарланып отыр. Бұл бұқаралық спортты дамытуға жасалған маңызды қадам», – деді Сергей Мелехов.

Жарысқа тәжірибелі спортшылар да қатысты. Солардың бірі – Владислав Рублев. Ол 12 жыл бойы кәсіби түрде жүзумен айналысып, кейін триатлонға бет бұрған. Қала күніне арналған спорттық додаға өткен жылдары да қатысып келген.

Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті
Петропавлда қала күніне орай триатлоннан ашық чемпионат өтті

«Жұмысымызға байланысты әрдайым жақсы дене дайындығында болуымыз қажет. Мен құтқарушы болып жұмыс істеймін, сондықтан спортпен тұрақты айналысамын. Қаламыздың туған күніне арналған триатлонға қатысқаныма қуаныштымын. Петропавлымыз көркейіп, дами берсін», – деді Владислав Рублев.

Тағы оқыңыз: СҚУ-дың алғашқы қос диплом иегерлері үлкен өмірге жолдама алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *