Жыл басынан облыста қуықасты безі обырына шалдыққан 10 жерлесіміз қайтыс болған. Ал Ал өткен жылы 23 адам көз жұмыпты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
27-ші шілде күні облыстық онкологиялық орталықта қуықасты безі обырының алдын алуға арналған «Ашық есік күні» шарасы өтеді. Дәрігерлер тұрғындарды жолдамасыз қабылдайды. Тек жеке куәлік жеткілікті. Сондай-ақ, мамандар бұған дейін тапсырған сараптама,талдаудалар болса, ұмытпай ала келуге кеңес береді.
Қуықасты безі обыры көбінесе 50 жастан асқан ер адамдарда кездеседі. Алғашқы белгілері: кіші дәретке жиі бару, бел ауруы. Аталған қатерлі ісікке шалдықпас үшін алкоголдік ішімдіктер мен темекіден бас тартқан жөн. Күніне бір мезгіл физикалық жұмыс істеп, салауатты өмір салтын ұстанған абзал. Қуықасты безі обырын ерте анықтап, емдемеген жағдайда өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Бес айдың ішінде облыста 39 адамнан қуықасты безі обыры анықталды.
«Жыл басынан бері қуықасты безі обырына шалдыққан 10 жерлесіміз қайтыс болды. Ал өткен жылы 23 адам көз жұмған», — деп мәлімдеді СҚО онкологиялық орталықтың баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да тәртіп сақшылары құрметке бөленді

