6-8 тамыз күндері Мамлют ауданында «Жастар» облыстық спартакиадасы өтті. Дүбірлі додада жалпыкомандалық есепте Мамлют ауданының командасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дәстүрлі спартакиадаға 600-ге жуық спортшы қатысты. Олар үш күні бойы жағажай волейболы, баскетбол, шағын футбол, грек-рим күресі және арқан тартудан сынға түсті. Жарыс өте жоғары деңгейде болды.

Спартакиада қорытындысы бойынша Мамлют ауданы 193 ұпаймен жеңімпаз атанды. Тұғырдың екінші сатысынан Шал ақын ауданы көрінді. Олар сайыста 186,5 ұпай иеленді. Ал үздік үштіктен Ақжар ауданы көрінді.

Тағы оқыңыз: Теріскейліктер Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *