10–14 тамыз аралығында облыстағы медициналық мекемелерде «Өкпе обыры апталығы» өтті. Шара аясында 60-тан астам адам тексеруден өтіп, екеуінен қатерлі ісік анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

10–14 тамыз аралығында облыстағы медициналық мекемелерде «Өкпе обыры апталығы» өтті. Шара аясында 60-тан астам адам төмен дозалы компьютерлік томографиядан тексеруден өтті. Бұл — ауруды ерте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи зерттеу әдісі.

«Зерттеу нәтижесінде екі адамнан қатерлік ісік анықталды. Обыр алды фактісі тіркелген жоқ. Сонымен қатар, 29 адамның басқа ауруларға шалдыққаны белгілі болды», — деп хабарлады СҚО онкологиялық орталығы.

Ауруды ерте анықтау — дер кезінде ем қабылдауға және денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Облыстық онкологиялық орталық мамандары тұрғындардан апталықтардан қалмауларын сұрайды.

Тағы оқыңыз: Қайтарылған активтер: СҚО-ға 69,4 млрд теңге бағытталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *