СҚО-да «Startup Orda» өңірлік инкубациялық бағдарламасы іске қосылды
СҚО-да IT-кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Startup Orda» өңірлік инкубациялық бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында талапты жандар цифрлық технологиялармен жақын танысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыста IT-кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Startup Orda» өңірлік инкубациялық бағдарламасы іске қосылды. Шара 3 айға жалғасады. Бастама аясында қатысушылар тың жобаларды жүзеге асырып, түрлі платформаларды ойлап таба алады.
СҚО-да «Startup Orda» өңірлік инкубациялық бағдарламасы іске қосылды
«Шараға қатысуға 100-ден астам қатысушы өтінім білдірді. Бағдарламаға дайын идеясы жоқ адамдар да қатыса алады. IT-саласындағы білікті мамандар талапшыл жандарға бар білгендерін үйретеді. Қатысушылар шара аясында воркшоптар мен трекерлер жасауды және бизнес-жоспар құруды меңгереді», — деді «Qyzyljar» креатив орталығының директоры Нұргүл Болатова.
Шараға қатысу тегін. Қыркүйекте талапты жандар Астанадан келетін мамандарға өз жобаларын таныстырады. Дараланғандары бағалы сыйлықтармен марапатталып, ойлап тапқан дүниелерімен ел көлеміндегі байқауларға қатысады.
Шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Айта кету керек, бағдарламаға 16 жасқа толған кез келген адам қатыса алады.