Петропавлда «Startup ORDA 2.0»бағдарламасының финалы өтті. SKO Hub алаңында жас кәсіпкерлер өз жобаларын сарапшылар назарына ұсынып, бақ сынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Екі ай бойы қатысушылар бизнес-модельдерін жетілдіріп, жобаларын сынақтан өткізіп, қорытынды таныстырылымға дайындалған. Финалдық питчинг нәтижесінде бас жүлде «MARKEO» жобасына бұйырды. Оның негізін қалаушы – Наталья Галеева.

«MARKEO – сұлулық саласының мамандарына әлеуметтік желілерде өз бетінше ілгерілеуге көмектесетін жасанды интеллект негізіндегі шешім. Жоба жеке AI-маркетолог қызметін атқарып, контент әзірлеуге, әлеуметтік желілерді дамытуға және жаңа клиенттер тартуға мүмкіндік береді. Жобаның негізгі аудиториясы – үйде, жалға алынған орындарда немесе сұлулық салондарында жеке жұмыс істейтін бьюти-мамандар», — деді Наталья Галеева.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ерекше балалар мен ата-аналар «Бақыт мекен еткен үйді» бірге жасады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *