Солтүстік Қазақстан облысында қжыл басынан бері қызылша 38 адамнан анықталған. Статистика көрсеткендей, көбіне жас балалар ауырады. Сонымен қатар, жұқтырғандардың басым бөлігінде қажетті вакцина болмаған, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавл қаласында 25 жағдай тіркелген. Бұл облыс бойынша жалпы көрсеткіштің 66 пайызын құрайды. Сондай-ақ вирус Ақжар, Мамлют, Қызылжар, Уәлиханов аудандарында және басқа да өңірлерде анықталған.

Ауруға шалдыққандардың 71 пайызы – төрт жасқа дейінгі балалар. Олардың көпшілігі тиісті екпе алмаған. Мамандардың айтуынша, қызылша өте жұқпалы, вирус ауа арқылы оңай таралады.

«Вирус заттардың бетінде екі сағатқа дейін сақталады. Алғашында дене қызуы көтеріліп, қатты улану белгілері байқалады, кейін теріде тән бөртпе пайда болады», – деді Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Қызылша асқынуларымен де қауіпті. Ол иммунитетті әлсіретіп, бұрыннан бар ауруларды ушықтырады. Балаларда жиі бронхит пен құлақ қабынуы кездеседі. Ең ауыр жағдайларда вирус миға әсер етеді. Менингит пен энцефалит ауыр өтеді және кейде өлімге әкелуі мүмкін.

Дәрігерлердің айтуынша, аурудан сенімді қорғанудың жалғыз жолы – вакцина. Балалар алғашқы екпені 12–15 айында, ал екіншісін 6 жасында алуы тиіс.

Қазақстанда қолданылатын вакцина барлық тексерістен өтіп, жылдар бойы қауіпсіздігін дәлелдеген. Екпе емханаларда тегін салынады.

Мамандар инфекцияның таралуын тек ұжымдық иммунитет қана тоқтата алатынын еске салады.

Тағы оқыңыз: Қазақстан экономикасы бірінші тоқсанда 3%-ға өсті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *