СҚО АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығында медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігіне арналған шара өтті. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған жиында мамандар алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Медицина қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Асқан жауапкершілік пен мұқяттылықты қажет етеді. Ал шаруаның бастан асқанын, қулар тиімді пайдаланады екен.

Айлакерлер жұмысбасты мамандарға WhatsApp немесе Telegram арқылы «бас дәрігерден», «аурухана әкімшілігінен» деген желеумен «қақпан» түріндегі хабарлама жібереді. Онда «сілтемеге өт»,«кодты жолда» сынды жазба болады. Бұған қызметкерлер әп-сәтте алданым қалуы мүмкін.

СҚО-да интернет-алаяқтар медицина қызметкерлеріне 350 млн теңге шығын келтірген
СҚО-да интернет-алаяқтар медицина қызметкерлеріне 350 млн теңге шығын келтірген

«Медицина қызметкерлері алаяқтардың құрбанына жиі айналады. Жыл басынан бері 140-тан астам дерек тіркеліп, келтірілген шығын 350 млн теңгеден асты. Бүгін біз кең таралған алаяқтық тәсілдерін түсіндіріп, аккаунттарды, поштаны және мессенджерлерді қорғау жолдарын айтып жатырмыз», — деді СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкіл Милена Балацкая.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қызылшамен ауырғандар саны 40-қа жуықтады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *