СҚО-да мектеп бітіруші түлектер жаппай ағаш отырғызды. Игі іске Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің түлектері де үн қосты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің түлектері оқу орнының ауласына қарағай көшеттерін отырғызды. Ігі іс арқылы ұл-қыздар қоршаған ортаға титтей де болсын пайдасын тигізгісі келеді. Айта кету керек, шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп отыр.

СҚО-да мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды
СҚО-да мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды

«Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектепте 250 бала тәлім алады. Биыл білім ұясынан 26 түлек түлеп ұшады. Түлектердің мектеп алдына ағаш отырғызуы игі дәстүрге айналған. Білім ұясының аумағы жан-жасыл болғанын қалаймыз», — деді мектеп директоры Жібек Жамолда.

Үлкен өмірге қадам басқалы тұрған ұл-қыздар бұл маңызды істі міндет емес, парызымыз деп санайды. Алдағы уақытта да аталған игі дәстүр жалғасына сенеді.

СҚО-да мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды
СҚО-да мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды

«Біз осы әрекетіміз арқылы экологияға пайдамызды тигізгіміз келеді. Артымыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарымыз таза ауамен тыныстап, жасыл желекке оранғанын қалаймыз. Бірнеше жылдан кейін мектепке келгенде ағаштардың жайқалып өсіп тұрғанын көргіміз келеді», — Аружан Табылды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында қазақ күресінен «Уәлиханов барысы» турнирі өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *