Қозыбаев университетінде республикалық хакатон ұйымдастырылды. Сайысқа 13 ЖОО-ның студенттері келді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Сайыс «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтті. Жарыста СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды. Тапқырлар бәсекесіне еліміздің 15 жоғары оқу орнынан 60-қа жуық команда келген.

«Республикалық хакатонды жасанды интеллект мен цифрлық технологияларды дамыту мақсатында ұйымдастырдық. Жарысқа еліміздің сегіз облысынан 170-ке жуық жас келді. Олар мемлекеттік және қоғамдық салаларда қолдануға арналғап жобаларды ұсынады», — деді СҚО ‘бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Виктория Алпеева.

Хакатон аясында командалар екі бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Алғашқысы ауыл шаруашылығындағы тиімділікті арттыру, өндірістік процестерді оңтайландыру және аграрлық сектордың тұрақты дамуына арналған зияткерлік шешімдерді әзірлеу болып табылады. Ал екіншісі – транзакцияларды бақылау, алаяқтықты анықтау және цифрлық активтер саласындағы тәуекелдерді талдау құралдарын жасау. Айта кету керек, хакатонның жүлде қоры төрт миллион теңгені құрайды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мектеп бітіруші түлектер ағаш отырғызды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *